
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау бойынша бірлескен семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда маскүнемдік жағдайы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, соның ішінде мемлекеттік қызметшілермен «Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы» қағидаларының талаптарын бұзушылықтарын анықтаған кезде әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.