
Стамбул қаласында Сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясының қолдауымен ұйымдастырушысы бәсекелестік жөніндегі Түрік ведомствосы болған, бәсекелестік мәселелері бойынша Форум (бұдан әрі – Форум) өтті.
Форум аясында ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев Түрік ведомствосының бәсекелестік жөніндегі Президенті Бирол Кулемен ресми екіжақты кездесу өткізді.
Форум «Цифрландыру: бәсекелестік құқық және саясат», «Монополияға қарсы заңнамадағы халықаралық ынтымақтастық» және «Картельдермен тиімді күрес»тақырыбында үш сессиядан тұрды.
Кездесу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы қаралған істер бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу арқылы ҚР мен Түркияның монополияға қарсы органдарының ынтымақтастығын нығайту, оның ішінде трансұлттық корпорациялардың шектеуші тәжірибемен күрес және ЮНКТАД бәсекелестік ережелерін трансшекаралық бұзу жөніндегі монополияға қарсы органдардың халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі құралдар шеңберінде цифрлық технологиялар саласындағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Форумның соңғы күні картельдерге қарсы тиімді тәжірибе мәселелеріне арналған сессияда Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Арсен Ысқақов Қазақстанның монополияға қарсы органының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын болдырмау және жолын кесу жөніндегі тәжірибесі туралы айтты.