
2019 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айы аралығында 12 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның 5% - дан астамына өсуіне байланысты Комитеттің Қостанай облысы бойынша Департаментімен ағымдағы жылдың 21 қарашасында Астықжан Қостанай» ЖШС, «Супермаркет Солнечный» ЖШС, «ТС Меркурий» ЖШС, «RAUZET САУДА» ЖШС, «Тамаша Маркет» ЖШС, «Квард LTD» ЖШС супермаркеттеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны белгілеу және ұстап тұрудан көрінген, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағы 1) тармақшасымен көзделген, ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша 6 хабарлама енгізілді.
Осы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалды.