2019 жылғы 4 желтоқсанда Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында университет студенттеріне монополияға қарсы заңнама нормалары, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін әрекет ететін шараларды қолдану туралы түсіндірілді.
Студенттер тарапынан ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнама нормаларына қатысты сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсіндірулер берілді.