
Комитеттің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері ұйымдастыру техникасын өткізушілерге «Білім-жабдықтау» ЖШС, «КазИнтерСервис-регион» ЖШС, «Фирма Казинтерсервис» ЖШС және «Tulas»ЖШС-ға қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру рәсімін аяқтады.
Серіктестіктердің іс-әрекетінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 169-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген, оның ішінде байқау қорытындысын бұрмалау, оқу кабинеттеріне тауарларды жеткізуге қатысты мемлекеттік сатып-алу кезінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер белгілері анықталды.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы Департаментімен Серіктестіктерге қатысты әкімшілік істер қозғалынды және іс құжаттары сотқа жолданды.