Монополияға қарсы органмен монополияға қарсы заңнаманы жарықтандыру бойынша кеңес өткізілді

Монополияға қарсы органмен монополияға қарсы заңнаманы жарықтандыру бойынша кеңес өткізілді

2019 жылғы 28 қарашада Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру» тақырыбында жергілікті атқарушы органдар және стоматология қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптары, атап айтқанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу негіздері, бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер (әрекетсіздік), мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары берілген ұйымдардың келісімдері түсіндірілді, осыған сәйкес бірқатар мәселелер талқыланды.