Қызылорда облысының монополияға қарсы қызметкерлері ағымдағы жылдың қазан айында тауық етін көтерме саудада өткізуші «Байменов М» ЖК-нің іс-әрекетінде азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізу қызметін көрсететін нарық субъектілеріне объективті түрде ақталмаған себептерсіз әртүрлі бағаларды қолдану белгілерін анықтады.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174-бабы 2) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақтамайтын себептерсіз әртүрлі бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану әрекеттеріне тиым салынады.
Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес «Байменов М» ЖК-не қатысты хабарлама шығарылды.
Кәсіпкер бұл хабарламаны белгіленген мерзімде орындады.