Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде «Әдептілік – адал қызмет бастауы» тақырыбында семинар өткізілді

Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінде «Әдептілік – адал қызмет бастауы» тақырыбында семинар өткізілді

2019 жылдың 26 қарашасында Департамент қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Қаженбаев Аманжол Жансейтұлы «Әдептілік – адал қызмет бастауы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларына түсіндірме берілді, онда негізгі екпін қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алуға бағытталған.