
ШҚО бойынша монополияға қарсы органмен «Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қатысты «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 134-бабы 2-тармағында көзделген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсатына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындауға Бесқарағай ауданының ШЖҚ МКК-мен тікелей шарт жасасудан көрінген бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер фактісі бойынша тергеу аяқталды.
Аталған факті бойынша бөлімнің лауазымды тұлғасына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды және соттың қарауына берілді.