ТМККК/МӘМС шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуға кедергі алынып талталды

ТМККК/МӘМС шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуға кедергі алынып талталды

2022 жылғы 6 маусымда дәрілік заттарды (ДЗ), медициналық бұйымдарды (МБ) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (04.06.2021 ж. №375 қағида) өзгерістер күшіне енді. Атап айтқанда, өзгерістер ұзақ мерзімді келісімшарттар ережелерінің нормаларына қатысты болды, ол қазір келесідей «Номенклатураға отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) тіркеген, сондай-ақ өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар енгізілмейді» делінген.

ОТӨ тіркеген ДЗ және МБ ұзақ мерзімді шарттары бойынша конкурс номенклатурасының тізімінен алып тастау Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің осы нарықта бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою жөніндегі бірлескен қызметінің нәтижесі болды.

Фармынк өкілдерінің пікірінше, егер ДЗ мен МБ ҚР-да тіркелген болса, онда оның ұзақ мерзімді шарттар бойынша конкурс номенклатурасына қосылуы басқа ОТӨ-ге өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік бермей, осы нарықтағы бәсекелестікті шектеді.

ДЗ және МБ-ға ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәсілдерін қайта қарау мәселесі ҚР БҚДА кедергілер картасына енгізілді және Қағидаға енгізілген өзгерістер күшіне ене отырып шешілді.