УАҚЫТША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ МЕРЗІМІН АЛЫП ТАСТАУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

УАҚЫТША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ МЕРЗІМІН АЛЫП ТАСТАУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен «Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, ол Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 119-бабының екінші бөлігін алып тастады, бұған дейін уақытша мемлекеттік бағалық реттеудің жалпы мерзімін шектеуді көздейтін болатын (бір жыл ішінде 180 күннен аспайды).

Жобада уақытша мемлекеттік бағалық реттеудің жалпы мерзімін қағидадан алып тастау көзделеді (Қағидалардың 3-тармағы).

Бұдан басқа, қазіргі уақытта монополияға қарсы органның атынан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігінің ведомстволары жоқ екенін ескере отырып, Қағиданың мәтіні бойынша «ведомство» деген сөздер алынып тасталады.

Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14160783 сілтеме бойынша танысуға болады немесе Агенттіктің интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/328188?lang=kk.

Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекен-жайға қабылданады m.bisemaev@azrk.gov.kz.