БҚО-ДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ АС ТҰЗЫН САУДАЛАУШЫҒА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

БҚО-ДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ АС ТҰЗЫН САУДАЛАУШЫҒА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аймақта ас тұзын көтерме сату нарығына талдау барысында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Нақты айтсақ, нарық субъекті үстем жағдайын теріс пайдаланып, ас тұзын көтерме саудада өткізу кезінде әртүрлі бағаларды қолданғаны анықталды.

Осыған байланысты аймақтық монополияға қарсы департамент 2022 жылдың 8 шілдесінде «BORSEGA» ЖШС-не бәсекелестік заңнамасы бұзу әрекетін тоқтату туралы хабарлама шығарды. Бұл ретте монополияға қарсы орган «жеңіл құқық» құралын қолданды. Ол нарық мүшесіне бәсекелестік заңнамасындағы бұзушылықтарын өз бетінше жоюға мүмкіндік береді. Хабарламаны алған күннен бастап кәсіп иесі 30 күн ішінде орындауы тиіс. Егер кәсіпкер заңбұзушылықты өз еркімен жойса, тергеп-тексеру жүргізілмейді. Хабарлама мүлдем немесе толық орындалмаса, орындалу мерзімі монополияға қарсы орган бекіткен уақыттан асса, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тиісті тергеп-тексеру тағайындалады.