
2022 жылдың 11-ші шілдесінде БҚДА бастамасымен цифрлық платформалар иелерімен ТКШ саласындағы қызметтерді жеткізушілерді онлайн ауыстыруға мүмкіндік беретін пилоттық жоба жұмысының аралық нәтижелері мен проблемалары талқыланды. Оған БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысбаев, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Онлайн конференция барысында Серік Жұманғарин бастапқыда БҚДА «иә/жоқ» онлайн дауыс беру сервисімен көппәтерлі үйлердің тұрғындары қызмет көрсетушілерді еркін таңдай алып, "коммуналдық құлдықтан" құтылу аясында кешенді жұмыс жасап келгенін атап өтті. Бірақ кейіннен жұмыс барысында пилоттық жобаға қатысатын мемлекеттік органдар мен цифрлық платформалардың бірлескен жұмысының арқасында пилоттық жобаның аясы кеңейген.
"Е-KNOT" цифрлық платформасына сүйенсек, оның базасында қызмет жеткізушілерді ауыстыру және МИБ (ОСИ) құру ниетімен 27 онлайн дауыс беру науқаны басталған. Сондай-ақ, онлайн сервистің көмегімен бейнебақылау қызметтерін үйлестірушіні «иә/жоқ» жоба көмегімен ауыстыру үшін бастапқыда елордадағы 2 тұрғын үйі адамдары қатысуға ниетті болған. Бүгінде бұл бастамаға тағы бір тұрғын үй кешені қосылып жатыр. Қазір басқару органдарын онлайн дауыс беру арқылы өзгертуге мүмкіндік беретін жобаға Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қатысып жатыр.
- Онлайн дауыс беру жүйесінің басты артықшылығы - жылдамдық. Мысалы, астаналық "Салем" ТК-де үй тұрғындарының қажетті 2/3 дауысы 6 күнде жиналса, Сауран көшесіндегі көпқабатты үйіндегі баспана иелері 2 күн ішінде тұрғындардың 50% жинап, МИБ тіркеуге дауыс беріп үлгерді,- дейді Виталий Пустовойтенко.
Электрондық дауыс беру жүйесінің жылдамдығын Aula қосымшасының өкілі Таир Қожахметов те атап өтті. Ол Нұр-Сұлтандағы "Манхэттен" ТК МИБ төрағасын ауыстыру кезіндегі аралық қорытындысымен бөлісті. Онда 30 пәтер иесі аз уақытта онлайн дауыс беру арқылы өз таңдауын жасаған. Аталмыш жоба Қарағанды мен Алматыда да жүзеге асырылып жатыр. Өзге де өңірлерде қосылуға дайын.
Пилоттық жобаны енгізудің проблемалық мәселелерін "Pater Services" цифрлық платформасының өкілі Манарбек Әбенов сөз етті. Ол МИБ төрағасын қайта тіркеу кезінде жекелеген өңірлерінде электрондық дауыс беру хаттамаларындағы мөрлердің талап етуі тілге тиек етті.
Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтанда ТКШ реформасын іске асыру тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін IQamal Community қауымдастығының төрайымы Гүлвира Абетова онлайн конференцияда атады.
Конференция соңында вице-министр Әсет Тұрысов пилоттық жобаларды іске қосу бойынша бірлескен жұмыстың жақсы жерлерін атап өтіп, интеграцияға көмектесуге дайын екендігін айтты. Министр Қайырбек Өскенбаев талқылау қорытындыларын түйіндей келіп, мемлекеттік орган тарапынан электрондық дауыс беру арқылы қызмет көрсету стандарттары құрылып жатқанын, олар Нұр-Сұлтандағы пилоттық жоба нәтижелері бойынша туындайтын ұсыныстарды ескерідетінін атап өтті.
- Біз барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз және жақын арада пилоттық жобаны кәсіпорын форматқа аударамыз, - деді министр. - Қазір Е-Шаңырақ барлық процедуралардан өтті және интеграцияға дайын. Қазірдің өзінде әзірленген стандарттар бәріне сәйкес келуі керек. Кемшіліктерді жою үшін біз Әділет министрлігі мен ЦДИАӨМ министрлігімен бірлесіп жұмыс істейміз.
Айта кетейік, ТКШ саласындағы жеткізушілерді ауыстыру бойынша пилоттық жоба Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында Әділет, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Smart Bridge алаңында тұрғын үй иесін сәйкестендіру сервисін әзірлеп, орналастырды (иә/жоқ). Жүйе цифрлық платформалар дауыс берушіні тіркеу коды немесе ЖСН-ы бойынша анықтай алады. Пилоттық жобаға "Е-KNOT", "AULA", "IQamal", "Osi.kz", "Pater Services". Жобаға қатысу ерікті болып табылады. Жобаға өзге ниеттілер де қосыла алады.