
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысындағы департаменті "Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" ШЖҚ КМК-ның әрекеттерінде бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды.
Медициналық мекеме қызметін тексеру өтініші аясында клиниканың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) шеңберінде Абиратерон халықаралық патенттелмеген атауы бар дәріні мемлекеттік сатып алулар кезінде тек 500 мг дозасын көрсеткені анықталды. Осылайша, Абиратеронның 250 мг дозалы түрін өндіретін нарық субъектілеріне ТМККБК шеңберінде сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеген.
Бәсекелестік заңнамасын бұзу фактісі анықталған, Алматы облысының монополияға қарсы департаменті жоғарыда аталған клиниканың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тоқтату және одан әрі дол бермеу қажеттігі туралы хабарлама жіберді.
Бүгінде хабарлама тиісті мекемеге жетіп, ол орындалды. Осылайша, «Алматы көпсалалы клиникасы» ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аймақтағы Департаментіне 2023 жылға арналған өтінімге Абиратерон 500 мг дозалық түрінен бөлек, 250 мг препаратын енгізгенін хабарлады.