АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДА БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ  ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДА БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылдан - 2022 жылғы қаңтар-ақпан аралығындағы кезеңде дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай - күйіне жүргізілген талдау қорытындысы негізінде, «Медсервис Плюс КФК» ЖШС –нің дәрілік заттарға әртүрлі баға қолдану бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтады.

«Медсервис Плюс КФК» ЖШС-гі Алматы қаласында тіркелуіне байланысты, кәсіпорынға қатысты хабарлама шығару үшін барлық құжаттар Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаментіне жолданды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Департамент көтерме сатушылардың дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті бағадан асып кету бөлігінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Қазақстан аумағында дәрілік заттарға шекті бағалардың сақталуын бақылау Денсаулық сақтау министрлігіне бекітілген. Осыған сәйкес, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағадан асырған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Дәрі-дәрмектерге шекті бағадан асып кету жөніндегі ақпарат, нарық субъектілерінің тіркелген мекен-жайы бойынша, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменттеріне одан әрі жұмыс үшін жолдауға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы бойынша департаменттеріне ұсынылды.