АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаменті "Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасы" ММ-нің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету үшін өңірлік операторларды айқындау жөніндегі іс-қимылына талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.

Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы орган ауылшаруашылығы тауарынөндірушілерді дала жұмыстары үшін дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторларды айқындау кезінде нарықтың белгілі бір субъектісіне негізсіз артықшылық берген. Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына дизель отыны операторын іріктеу бойынша тек қана бір отырыс өткізілген. Ал басқа өңірде көктемгі – дала және күзгі-дала жұмыстарына дизель отынынжеткізуші операторды іріктеу бойынша 2 отырыс өткізілді.

Департаментпен  анықталған белгілер бойынша «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не қатысты бәсекелестікті шектеуге ықпал ететін жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.

Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуы тиіс. Хабарламаны орындамау, оны толық орындамау, монополияға қарсы орган белгілеген оны орындау мерзімдерін бұзу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.

Ашық көздерден алынған фотосурет