ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент «ШЭС» ЖШС-нің өңірді энергиямен жабдықтау бойынша қалыптасқан жағдай туралы өтінішін қарады.

Өтініште Шет ауданында баламалы энергиямен жабдықтаушы компаниялар болған жағдайда тұтынушыларды энергиямен жабдықтаумен жалғыз ЭЖҰ – «Электржабдықтау» ЖШС айналысатын жағдай қалыптасқаны айтылған. Бұл ретте «ШЭС» ЖШС энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу сияқты қызмет түрімен айналысуға мемлекеттік лицензиясы бар және балама құру және нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында Шет ауданы тұтынушыларының бір бөлігі электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге дайын.

Өтінішпен жұмыс істеу барысында Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Шет ауданының әкімдігіне сұрау жіберді, алайда осы уақытқа дейін Қарағанды облысы Шет ауданының бюджеттік ұйымдарын «ШЭС»  ЖШС-мен электрмен жабдықтауға қандай себеппен шарттар жасалмайтыны туралы түсініктеме берілген жоқ.

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Шет ауданы әкімдігінің атына нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыруға негізсіз кедергі келтіруді тоқтату арқылы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама енгізді. Бүгінгі күні әкімдік хабарламаны орындап, «ШЭС» ЖШС үшін электрмен жабдықтау нарығы, осы қызметпен айналысқысы келетін кез келген адам сияқты, қызмет заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда ашық екендігі туралы жазбаша жауап жіберді.