
2022 жылғы 8 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қант пен ас тұзын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерімен Open Space форматында жедел кеңес ұйымдастырды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Павлодар облысы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 2022 жылғы 31 мамырдағы жағдайы бойынша қанттың-59,4% және тұздың-9,3% өсуі байқалды, Департамент қант пен ас тұзын өткізу нарығындағы жағдайды қадағалайды.
Павлодар облысында қант пен тұз өндірушілері жоқ, жеткізу Қазақстанның басқа өңірлерінен жүзеге асырылады.
Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорынан қант бөлшек саудада 369 теңге/кг-нан сатылады, қалған дүкендерде бағасы 475-тен 650 теңге/кг-ға дейін өзгереді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Департамент ас тұзын көтерме сату нарығына талдау жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өңірде ас тұзы нарығындағы жағдай тұрақты. Аймақ толығымен тұзбен қамтамасыз етілген.
Кеңес қорытындысы бойынша монополияға қарсы департаменттің өкілдері субъектілерге қант пен тұзды көтерме саудада өткізудің босату бағаларын ұстап тұру, сондай-ақ тиісті тауар нарығында нарық субъектілерінің адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін айқындайтын монополияға қарсы комплаенс жасау ұсынысымен жүгінді.