
Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанында Биржалық комитетінің ұсынымдарына сәйкес, «Қаражыра» АҚ алдағы биржалық сауда-саттықта бастапқы бағаны 8 997 тг/т-дан 7 200 тг/т-ға дейін немесе 20% - ға төмендету туралы шешім қабылдады.
Ағымдағы жылғы 20-24 маусым аралығында «Каспий» Тауар биржасы» АҚ алаңында, ағымдағы жылғы қыркүйекке жеткізумен кезекті сауда-саттықтар (көлемі 17 150 тонна, сауда құралы (CL2FCQDG), Д маркалы көмір, 0-300 мм, отынның жануының төменгі жылуы) өтеді.
Сондай-ақ, «Қаражыра» АҚ 2022 жылдың қыркүйегінен бастап тауар биржалары арқылы сатылуға жататын коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемін 10% - дан 20% - ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын, биржалық комитеттің ұсынымдары бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ тауар биржалары арқылы өткізуге жататын коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемін 2022 жылғы мамырдан бастап 10% - дан 20% - ға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ көмірдің маркасына байланысты бастапқы бағалар 10% - ға дейін төмендетілді.
Бұл жұмысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Биржалық комитет, коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату нарығында өнімсіз делдалдарды болдырмау, сондай-ақ халықты қолжетімді көмірмен қамтамасыз ету мақсатында жүргізеді.