ОТАНДЫҚ ТАУАРҒА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

ОТАНДЫҚ ТАУАРҒА ТЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында а.ж. 31 мамырында импорттық цементі тауар биржалары арқылы сату қажеттілігі туралы мәселе талқыланды.

«QazCem» цемент және бетон өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері цемент өнімдерін сату саласындағы проблемаларды жеткізді.

Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңы отандық кәсіпкерлерді өз тауарларын (цементті) биржа арқылы өткізуге міндеттейді.

«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығының 1-тармағында цементтің ең аз партиясы 60 тонна болған кезде биржа арқылы өткізу регламенттелген.

Алайда, бұл тармақ импорттық цемент сатушыларға қолданылмайды, нәтижесінде отандық тауар дискриминацияга алып келеді және қазақстандық цементтің импортпен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жасайды.
Биржа арқылы цемент өткізуге байланысты отандық өндірушілер, импорттаушыларға қатысты қолданылмайтын, қосымша қаржылық жүктеменің миллиондаған сомаларына жететін шығындарды көтереді (комиссиялық алымдар, брокерлік қызметтер, мәмілені қаржылық қамтамасыз ету және т.б.)


Мысалы: Өзбекстан Республикасында экспортталатын қазақстандық тауар сол елдің заңына сәйкес биржа арқылы сатылады. Осындай жағдай Ресей Федерациясында әкелінетін тауарлардың белгілі бір санаты үшін де қолданылады.

Сонымен қатар, бұл мәселе Департаменттің Open Space алаңында барлық салалық уәкілетті органдармен талқыланған.

Кеңес аталған кедергіні Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Кедергілер картасына енгізу туралы шешімді бірауыздан қабылдады.