
2022 жылғы 1 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жаңа жеңіл автокөліктерді өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерімен Open Space форматында жедел кеңес ұйымдастырды.
Монополияға қарсы департаментке жаңа жеңіл автокөлік сатып алу кезінде қосымша жабдықты таңуға қатысты тұтынушылардан шағымдар келіп түсуде. Автосалондардың (дилерлердің) заңсыз іс-әрекеттері мәселесі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді талқылануда.
Open Space-те дилерлік автоорталықтардың өкілдері жаңа жеңіл автокөлікті сатып алу кезінде қосымша жабдықты тұтынушының өз қалауы бойынша сатып алу немесе орнату ұсынылатынын хабарлады. Тұтынушылар тарапынан қосымша жабдықты таңу фактілері жоқ.
Кеңес қорытындысы бойынша монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары жаңа жеңіл автомобильдерді сатуды жүзеге асыратын нарық қатысушыларының іс-әрекеттерін Павлодар облысының шекараларында жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде автодилерлер қызметтерінің тауар нарығына жүргізілген талдау барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы тұрғысынан қарауды ұсынды (субъектілерден ақпараттың түсуіне қарай). Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда Департамент монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайтын болады.