Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы Департамент 2018 жылдан 2021 жылдың 1 жарты жылдығына дейін басқарушы компаниялардың қызмет көрсету нарығына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі бойынша нарық субъектісі, "ОҚО үйлерді басқару "Басқарушы компаниясы" ЖШС-сі Түркістан қаласындағы филиалы тауар нарығында үстем жағдайға ие екендігі және нарық субьектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері байқалды. Атап айтқанда, басқарушы компанияның түркістан филиалы өз қызметтерін көрсету кезінде Түркістан қаласындағы әртүрлі шағын аудандарының тұрғындары үшін әртүрлі тарифтерді қолданып отырғандығы анықталды.
Нарық субъектісінің бұл әрекеттері монополияға қарсы заңнаманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасына сәйкес нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақталмаған себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдану бөлігі бойынша бұзады.
Анықталған бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің негізінде Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган "ОҚО үйлерді басқару "Басқарушы компаниясы" ЖШС филиалына қатысты оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды.