ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ТРАНЗИТ ЖӘНЕ РЕЭКСПОРТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ТРАНЗИТ ЖӘНЕ РЕЭКСПОРТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылғы 31 мамырда Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында транзит және реэкспорт арқылы темір жол көлігімен тасымалдау жүйесіндегі қолданыстағы шектеулер талқыланды.

Бұл мәселені талқылауға «Строительные системы Казахстана» ЖШС-нің Кедергілер жөніндегі кеңестің қарауына келіп түскен өтініші негіз болды.  Бұл компания Ресейде тауарларды оларды Қазақстандағы қоймаға ауыстыра отырып сатып алумен және одан әрі үшінші елдерге сатумен айналысады, бұл реэкспорттық операция болып табылады.  Бірақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесінің нормаларына және «Темір жол көлігі» туралы заңда «жүк транзиті» анықтамасына сәйкес, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды бөлімшесі жүк транзиті ретінде ҚТЖ қызметтері үшін төлемді есептейді.

Кедергілерді жою жөніндегі кеңестің төрағасы Сергей Николаевич Федоренко «Темір жол көлігі туралы» Заңда сипатталған «жүк транзиті» анықтамасы осы ұғымның халықаралық анықтамасымен үйлеспегенін және осы анықтаманы екі жақты түсіндіруге мүмкіндік беретінін, бұл «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ тарапынан ақшалай қаражат түріндегі тұрақты жанжалдар мен шағымдарға, айыппұлдар, қосымша есептеулер және т.б. әкеп соқтыратынын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес Кедергілер картасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың қолданыстағы қағидаларына және «Теміржол көлігі туралы» Заңға «жүк транзиті» ұғымын баяндау бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жіберуге шешім қабылдады.