
2022 жылы 26 мамырда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті онлайн режимінде Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Отырысқа қатысушылар кәсіпкерлік объектілері үшін КТС және ҚҚС проблемалық мәселелерін талқылады. Кедергілер жөніндегі кеңес төрайымы Светлана Иванова КТС және ҚҚС салықтарын қосымша есептеу нарық субъектілерінде олардың сот тәртібімен тіркеуден алынып тастау кезеңіне, яғни жұмысты уақытша тоқтата тұру кезеңіне де қосымша қосылып жатқанын хабарлады.
Кәсіпкерлер іс жүзінде жұмыс істемеген өткен жылдардағы салық кезеңі үшін, кезең аяқталған кейін КТС және ҚҚС салықтарын қосымша есептеу туралы хабарламалар келіп түсетін жағдайға тап болуда. Бұл ретте кәсіпорынның қызметі тоқтатылмай салық кезеңі аяқталғаннан кейін де жұмысын қайта бастағаны, оның салық берешегінің жоқ екенін куәландырады.
Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтата тұру уақытында салық төлемеуіне, күшіне енген сот шешімінен кейінгі кезеңде мәміле негізінде ҚҚС бойынша есепке жатқызуды жарамсыз деп тану туралы және заң талаптарын орындамағаны үшін жосықсыз сатушыға ғана емес, сондай-ақ осы тәртіпті қадағалайтын уәкілетті органға да айыппұлдарды қолдануын қарастыратын тәртіпті әзірлеу жайлы ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне уәкілетті органдарға ұсыныс енгізуді қарастыру бойынша хат жолдау туралы шешім қабылдады.
Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе +7 (7282)24-28-16 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз. Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электронды мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: m.tursynbek@azrk.gov.kz