ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰНДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУШЫЛАРДА 1-СҰРЫПТЫ БИДАЙ ҰНЫНА БАҒАНЫ КӨТЕРУ БОЙЫНША КЕЛІСІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРІНІІҢ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҰНДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУШЫЛАРДА 1-СҰРЫПТЫ БИДАЙ ҰНЫНА БАҒАНЫ КӨТЕРУ БОЙЫНША КЕЛІСІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРІНІІҢ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент 2021 жылы және 2022 жылғы қаңтар - ақпанда Қарағанды облысы бойынша бидай ұнын көтерме сату нарығында талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша «Зерновая компания «Сункар и К» ЖШС,  «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Атамекен Компани» ЖШС, Фирма «Акнар» ЖШС бір мезгілде 1-сұрыпты бидай ұны бағасының көтерілу белгілерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес, Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алудың немесе өткізудің бағаларын не басқа да шарттарын белгілеуге және (немесе) қолдауға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.

Бәсекелестікті қорғау саласында анықталған бұзушылық белгілерінің негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы «Сункар и К» ЖШС,  «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Атамекен Компани» ЖШС, Фирма «Акнар» ЖШС атына оларды жою туралы хабарлама енгізді.

Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.  Монополияға қарсы органның хабарламасын орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, белгіленген орындау мерзімдерін бұзу тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.