
Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес кезекті отырысында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (АШТӨ) үшін арзандатылған дизель отынын операторлар арасында бөлу сұрағы көтерілді.
Бұл сұрақты қарау үшін Павлодар облысының АШТӨ үшін арзандатылған дизель отынын сатумен айналысатын «ТК Парнас» ЖШС-ның өтініші негіз болды. Бұрын өтініш беруші тоннасына 5 мың теңге мөлшерінде операторлық қызметтерді ұсынған болатын, бұл өңірдегі басқа операторлардың ұқсас қызметтері үшін тоннасына 6 мың теңгеге қарағанда 20%-ға арзан.
2022 жылы Павлодар облысына көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ үшін төмендетілген бағамен 21,8 мың тонна дизель отыны бөлінді, олар «ТК Парнас» ЖШС операторлық қызметтерінің құны басқа операторларға қарағанда төмен болғанына қарамастан, үш оператор арасында біркелкі бөлінген. Бұл жағдайда аймақ аграршылары операторлық қызметтерді 20%-ға қымбат төлеуге мәжбүр.
Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында бұл мәселе жүйелі сипатқа ие екендігі назарға алынды және оны шешу көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтер операторын айқындау кезінде жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлік операторларды айқындаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді талап етеді.
Осыған байланысты Павлодар облысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне оларды одан әрі Ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктеріне жіберу үшін, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды айқындау кезінде жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай регламент әзірлеу қажеттілігі бөлігінде Республикалық кедергілер картасына енгізу үшін ұсыныстар жіберуге шешім қабылдады.