БҚДА МЕН "АТАМЕКЕН" ҰҚП ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА МЕН "АТАМЕКЕН" ҰҚП ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Кеше, 25 мамыр. БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен теміржол көлігі нарығының өзекті мәселелері бойынша кездесті.

Кездесуге қатысушылар магистральдық темір жол желісі қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін, жүктері бар контейнерлерді тексеру кезінде әкімшілік және заңнамалық кедергілерді, вагондардың ұзақ тұруына және қосымша шығындарға алып келеді, және нарықтың басқа да өзекті мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша теміржол көлігі нарығында бәсекелестікті дамыту жоспарының бірлескен жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды, оған неғұрлым өткір мәселелер мен осы нарықта бәсекелестікті дамытуды тежейтін кедергілер, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымына қол жеткізуге тең жағдайлар жасау жөніндегі нақты шаралар және Қазақстандағы теміржол көлігі нарығын одан әрі тиімді дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізілетін болады.