
Жақында БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша сатып алу практикасының басшысы Саймон Ченджеранимен, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен, аға экономист Марианна Июттимен және банктің басқа да өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Саймон Ченджерани мырза қазіргі кезде Дүниежүзілік банк Ұлттық экономика министрлігімен ынтымақтаса отырып, даму саясатын қаржыландыру бойынша екінші транш, ел экономикасы бетпе-бет келетін орта мерзімді құрылымдық шектеулерді дәйекті түрде шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық операцияны дайындау шеңберінде одан арғы қадамдарды талқылайтынын атап өтті. Бұл жұмыс бағыттарының бірі елдің мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі реформалау болып табылады. Саймон Ченджерани мырза Қазақстан Үкіметінің сатып алу жүйесін реформалауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін және осы саладағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің маңызды рөлін атап өтті.
Өз кезегінде Серік Жұманғарин Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі ЕЭК елдерінің периметрінде ең озық екенін атап өтті.
- Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесі толығымен цифрландырылған, «қағазсыз», басқа жүйелердің дерекқорымен интеграцияланған. Бірақ бүгінгі мемлекеттік сатып алу жүйесі үшін баға бұрынғысынша негізгі фактор болып қала береді, бұл көбінесе сапасыз қызмет көрсетуге, тауарлар жеткізуге алып келеді. Мемлекет бағаға ғана емес, сапаға да сүйене отырып, таңдау жасауы тиіс. Ал Қазақстанда сапа бойынша жеткізушілерді іріктеу жүйесі әлі дамымаған. Баға мен сапа арасындағы алтын тепе-теңдікті анықтау үшін біз жеткізушілерді алдын ала іріктеудің бірыңғай сандық платформасын құруды ұсындық. Ол икемді, ашық болуға және мемлекетте қалыптаспауға тиіс. «Баға-сапа» тұрғысынан жеткізушінің орнын анықтайтын фактор ретінде жеткізушілердің рейтинг жүйесі қажет болуы мүмкін, - деді ол.
Сондай-ақ Дүниежүзілік банк делегациясының өкілдері «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алу жүйесін реформалауға БҚДА-ның қатысуына және оның ұсыныстарына қызығушылық танытты. Өз кезегінде Серік Жұманғарин «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алу жүйесін холдинг ішіндегі кооперацияны және бір көзден сатып алу түрлерін қысқарту жағына қарай одан әрі қайта қарауға қатысты жобалар туралы өз пікірін білдірді.
«Самұрық-Қазына» Қоры Қазақстанның ұлттық байлықтарының негізгі иесі болып табылады, оның қызметінің басты мақсаты - елдің, оның ішінде жеке сектордың әл-ауқатын дамыту. Қордың бір көзінен сатып алу осы нарықта бәсекелестік болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Қазақстандық нарықта Самұрық-Қазына сатып алатын қызметтер бойынша жеткізушілер саны өте аз, және тиісінше, компания холдингішілік кооперация шеңберінде бір көзден сатып алуды жалғастыратын болады. Мұның бәрі Қордың өзі үшін жұмыс істеуіне жағдайлар жасайды. Осы бағыттағы бәсекелестіктің одан әрі дамуын жеткізушілерді біліктілік алды іріктеу платформасын енгізу және бір көзден сатып алынатын жұмыс, көрсетілетін қызмет және тауар түрлерінің санын барынша азайтудан көріп отырмыз. Бұл жұмысты біз Қормен бірге осы жылғы күзде бастаймыз.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін және «Самұрық-Қазына» Қорын одан әрі реформалау бойынша ұсынылған жоспарларды Дүниежүзілік банк өкілдері оң қабылдады. Сарапшылар өз тарапынан тығыз өзара іс-қимылда жұмыс істеуді ұсынды және жүргізіліп жатқан жұмыста БДҚА-ға көмектесуге және қолдау білдіретінін атап өтті.