«САРЫАРҚА» ӘКК ҚЫЗМЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«САРЫАРҚА» ӘКК ҚЫЗМЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Сарыарқа» ӘКК» АҚ қызметін талдау нәтижелері бойынша Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаменті Үкіметтің қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін негізгі қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін жобаларды іске асыру бойынша бірлескен қызмет туралы шарттар жасасу фактілерін анықтады. ӘКК тарапынан жер учаскелері мақсаты Үкімет айқындаған тізбеге сәйкес келмейтін коммерциялық объектілер салу үшін берілген.

Инвестициялық жобалар болмаған кезде оларды іске асыруға конкурс өткізбей жер учаскелері түрінде инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт жасасу - қолданыстағы Жер кодексінің нормаларына қайшы келеді.

Баяндалған фактілер негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Сарыарқа» ӘКК-нің атына нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру бөлігінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді тоқтату, сондай-ақ осы іс-әрекеттерге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама шығарды.

Ашық көздерден алынған фотосурет.