Бүгінгі күні Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) нарық субъектілерінде нан, ет және басқа да ӘМАТ тауарлары бойынша сөз байласу белгілерінің болуы туралы 110 хабарлама орындауда жатыр.

Бүгінгі күні Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) нарық субъектілерінде нан, ет және басқа да ӘМАТ тауарлары бойынша сөз байласу белгілерінің болуы туралы 110 хабарлама орындауда жатыр.

Ет тауар нарығында 17 көтерме саудада жеткізушіге қатысты хабарлама шығарылды: Нұр-Сұлтан - 5, Жамбыл облысы - 3, Алматы - 1, Шымкент - 8.
Нан тауар нарығында – 63 нарық субъектісіне қатысты хабарламалар шығарылды. Ақтөбе облысы - 4, Ақмола облысы - 7, Атырау облысы - 8, Павлодар облысы - 20, Жамбыл облысы - 14, Қарағанды облысы - 3, Батыс Қазақстан облысы - 5, Алматы облысы - 1. Оның 45-і орындалды.
Хабарламалардың жалпы санынан 73-і бағаларды өсіруді жою арқылы өз еркімен орындалды. Хабарламаны орындамаумен байланысты нан мен тауық етін өндірушілерге қатысты 5 тергеп-тексеру тағайындалды.

Бағаларды өсіру туралы жария өтінішке байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен нарық субъектілеріне 7 алдын ала ескерту шығарылды.
Ағымдағы жылғы 21 қарашада монополияға қарсы орган «Рамстор», «Астыкжан», «Кенмарт», «Small», «Magnum Caskery», «Metro Caskery» сияқты ірі сауда желілеріне, 25 көтерме саудада жеткізуші мен 67 тамақ өндірушіге қатысты қосымша 80 хабарлама шығарды.
Ағымдағы сәтте жиыны 183 хабарлама. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Аталған хабарламалар 10 күн ішінде орындалмаған жағдайда, осы нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулерге бастамашылық жасалатын болады.
Сөз байласу фактілері анықталған жағдайда, нарық субъектілері сөз байласу нәтижесінде алынған кірістің 1-ден 5%-ына дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, әкімішілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтеміз.