
2022 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілері бойынша Zarafshan жеке кәсіпкеріне нұсқама шығарды.
Департаменттің атына Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасуының негізділігіне қатысты «Әділдік жолы» РҚБ-дан өтініш келіп түсті. Өтінішпен жұмыс істеу барысында «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі 2022 жылғы қаңтарда Нұр-Сұлтандағы жанармай құю бекеттері желісімен автогазға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен литріне 145 теңге (дм.куб.) бағасы бойынша 10 000 литрге 1 450 000 теңге сатып алуды жариялағаны анықталды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2022 жылғы 10-17 қаңтар.
Zarafshan ЖК сатып алу жеңімпазы болып танылып, онымен 2022 жылғы 24 қаңтарда ҚҚС-сыз, сомасы 1 290 000 теңгеге литріне 129 теңге (дм куб.) бағасы бойынша тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
Нәтижесінде жеткізуші ЖК ZARAFSHAN Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығының нормаларын сақтамай, Нұр-сұлтан қаласының географиялық шекараларында автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларын арттыру бөлігінде бұзды.
Анықталған фактілер негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Zarafshan кәсіпкерінің атына бұйрық талаптарын бұзуды тоқтату туралы орындалуы міндетті нұсқама жіберді.
Нұсқаманың орындалу мерзімі - нұсқаманы алған сәттен бастап 1 күннен кешіктірілмейтін мерзімде.
Нұсқама бүгінгі күні орындалды. Сондай-ақ, Zarafshan ЖК автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларын бұзбауға міндеттенеді.
Ашық көздерден алынған фотосурет.