
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент "Солтүстік" ӘКК-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
2022 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаментіне Петропавл қаласында көп қабатты тұрғын үйлерді салу үшін "Солтүстік" ӘКК "АҚ (ӘКК) 2021 жылы жер учаскелерін беру фактілерін қамтитын "Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы Петропавл Прокуратурасынан хат келіп түсті.
Аталған фактілерді бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін қарау шеңберінде СҚО бойынша монополияға қарсы департамент ӘКК Петропавл әкімдігінің қаулылары арқылы алған жер учаскелері көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша қызметтер көрсететін нарық субъектілеріне берілгенін анықтады.
ҚР Жер кодексінің нормаларына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жобалар жүзеге асырылады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешенін білдіреді. Көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы осы іс-шараларға жатпайды.
ӘКК жер учаскелерін көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін жекелеген нарық субъектілеріне беруді жүзеге асыра отырып, сол арқылы осы нарық субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар береді.
Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының нормаларына сәйкес СҚО бойынша монополияға қарсы департамент "Солтүстік" ӘКК-нің атына бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау не оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы департамент белгілеген орындау мерзімдерін бұзу монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады.
Инвестициялық және инновациялық болып табылмайтын жобалар үшін жер учаскелерін беру фактілері бойынша Солтүстік қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаменті Петропавл әкімдігінің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігілігі туралы хабарлама жолдады.
Ашық көздерден алынған фотосурет.