ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК-нің сатып алудағы көпжылдық картелі

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК-нің сатып алудағы көпжылдық картелі

Комитетпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК-нің (бұдан әрі – тапсырыс беруші) мемлекеттік сатып алудағы өнім берушілерге қатысты тергеп-тексеру аяқталды.
2016 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында тапсырыс беруші үшін факт бойынша навигациялық жабдықтың және оған қызмет көрсету бойынша тиісті қызметтердің өнім берушілері ретінде екі компания ғана, олар «Navi Co» ЖШС және «AG TECH» ЖШС болып табылады.
Осы компаниялар бір-бірімен жалған бәсекелестік құрды, әрқайсысы «шартты команда» жасады, бұл ретте өткізілетін сатып алуда адал бәсекелестік болған жоқ, бұл оларға тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтерді және тауарларды, сондай-ақ сатып алуды тапсырыс беруші белгіленген ең жоғары бағалар бойынша өзара «бөлісуге» мүмкіндік берді.
Жалған бәсекелестікті «АЛМАТЫСЕЙСМОЗАЩИТА» ЖШС, «Юнайтед Смарт Солюшин» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «VS Trade» ЖШС (Ви Эс Трэйд) сияқты компаниялар құрды.
Осы компаниялармен және тапсырыс берушімен жасасқан шарттардың жалпы сомасы 7,5 млрд. теңгеден асады. Сот монополияға қарсы органның пайдасына шешім шығарған жағдайда, осы іс бойынша айыппұл санкциялары 270 млн. теңгеден асады.