БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАНЫҢ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН КҮШІНЕ ЕНУІ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАНЫҢ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН КҮШІНЕ ЕНУІ

2022 жылғы 1 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның (Бәсекелестікті дамыту туралы заң) бәсекелестікке ықпал етуге бағалау жүргізу жөніндегі нормалары күшіне енді. Осы уақыттан бастап мемлекеттік реттеудің жаңа нормаларын уәкілетті органдар бәсекелестікке ықпал ету тұрғысынан оларды қолданысқа енгізгенге дейін бағалайтын болады.

Бәсекелестікке әсерді бағалау деп екі негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған реттеушілік актілерді талдау процесі түсініледі:

- бәсекелестікке кедергі келтіретін қажеттіліксіз нормаларды анықтау;

- мұндай кедергілер ерекше қажеттіліксіз құрылмауы үшін оларды қайта қарауға көмек көрсету.

Бұл тәжірибе халықаралық болып табылады, салалық саясатты оның бәсекелестікке ықтимал әсерін ескере отырып түзетуге мүмкіндік береді.

Егер бағалау нәтижелері бәсекелес ортаның жай-күйінің нашарлау мүмкіндігін көрсететін болса, уәкілетті органға бәсекелестікке қарсы неғұрлым аз балама табуға тура келеді.

Өз тарапынан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікке әсерді бағалау нәтижелерін қарайтын және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды беретін болады.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңның басқа да бірқатар нормалары күшіне енді. Бұл негізгі қуатқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлікке мемлекеттік қатысуды қысқарту, электр энергетикасы мен дәрілік заттар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ монополияға қарсы реттеу құралдарын жетілдіру жөніндегі нормалар.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңның кейінге қалдыру кезеңі көзделген жекелеген нормалары кейінірек енгізіледі.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік монополия тетігін толықтыратын және жетілдіретін «арнайы құқық» институтын құруды көздейтін ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер күшіне енеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетудің бір көзінен сатып алу және кепілдік беретін өнім берушіден электр энергиясын сатып алу-сату негіздемесі алып тасталады. Бұл 2024 жылдан бастап мемлекеттік заңды тұлғалар үшін электр энергиясы мен энергиямен жабдықтау қызметтері конкурс тәсілімен сатып алынатынын білдіреді.