
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаменті "Севказэнергосбыт" ЖШС-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
Биллингтік қызметтер немесе бірыңғай ақпараттық-есептеу орталығы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне жүргізілген талдау мен бағалау қорытындылары бойынша "Севказэнергосбыт" ЖШС осы тауар нарығында монополиялық жағдайға ие екендігі анықталды. Кәсіпорынның пәтер иелері кооперативтерімен (ПИК) қолданыстағы шарттарын зерделеу кезінде, ПИК-тер қызмет көрсетілетін пәтерлер саны аз үйлер, пәтерлері көп ПИК-ке қарағанда көбірек сыйақы төлейтіні анықталды. Жалпы белгіленген тәжірибеге сәйкес, Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасындағы шарттарда сыйақы сомасы жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді және көлем ұлғайған жағдайда сыйақы сомасы да ұлғаяды.
Талдау нәтижелері бойынша "Севказэнергосбыт" ЖШС іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері анықталды, олар нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдануда көрініс табады.
Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының нормаларына сәйкес, СҚО бойынша монополияға қарсы департаменті "Севказэнергосбыт" ЖШС атына бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
Осы хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.
Хабарламаны орындамау не оны толық көлемде орындамау, Департамент белгілеген орындау мерзімдерін бұзу монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады.
Ашық көздерден алынған фотосурет.