
Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент тұтынушыларды газбен жабдықтау қызметіне қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша Open Space форматында кеңес өткізді.
Кеңеске облыс әкімдігінің энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Қарағанды филиалының және құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің өкілдері қатысты.
Талқылау барысында тұтынушыларды газбен жабдықтау қызметіне қосу, сондай-ақ нарық субъектілерінің ҚМЖ қызметтеріне қол жеткізуі үшін жұмыстарды жүргізу мәртебесі (тиісті инфрақұрылымды жүргізу) мәселелері көтерілді.
Жалпы, Қарағанды облысында тұтынушыларды газға қосу белсенді фазада емес, газдандыруға жоспарланған 2000 үйдің 150-ге жуығы ғана қосылған.
Кездесу қорытындысы бойынша, Open Space қатысушыларының ұсынған ақпаратын ескере отырып, Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен бәсекелестікті ықтимал шектеу тұрғысынан осы мәселені зерделеуді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Ашық көздерден алынған фотосурет.