
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Интерснаб Gas» ЖШС-ға және «Style.RK» ЖШС-ға нұсқама шығарды.
Нұсқамаларды шығару үшін мемлекеттік сатып алуға қатысқан «Интерснаб Gas» ЖШС және «Style.RK» ЖШС-ның сұйытылған мұнай газына (СМГ) шекті бағаны көтеру бойынша әрекеттеріне қатысты Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің атына келіп түскен жеке тұлғаның өтінішінде айтылған мәліметтерді талдау болды.
Белгілі болғандай, «Интерснаб Gas» ЖШС 2022 жылғы қаңтар және наурыз айларында литріне 72,02 теңгеден 78,40 теңгеге дейінгі бағамен СМГ өткізуге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Павлодар облысының мемлекеттік кәсіпорындарымен шарттар жасасқан.
Мысалы, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК-мен литріне 78,40 теңгеге СМГ-ны өткізуге шарт жасасты. Анықтамалық деректерге сәйкес Павлодар облысының орталығы (Павлодар қ.) мен Кемеңгер ауылы арасындағы қашықтық шамамен 25-26 километрді құрайды, яғни 200 км-ден аз. Осылайша, Кемеңгер ауылы шалғай аудандарға жатпайды және СМГ литріне бөлшек сауда бағасы 70 теңгеден аспауы тиіс.
Осыған ұқсас бұзушылықтар Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ертіс аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен (Ертіс ауылы) литріне 75,01 теңге бағасымен және «Теплосервис-Ақсу» КМК-мен (Ақсу қ.) литріне 72,02 теңге бағасымен шарт жасасу кезінде тіркелді. Алайда, анықтамалық деректерге сәйкес Павлодар облысының облыс орталығы (Павлодар қаласы) мен Ертіс ауылы арасындағы қашықтық 173-176 километрге дейін, яғни 200 км-ден кем, ал Павлодар мен Ақсу қалалары арасындағы қашықтық 41 - 46 километрге дейін, яғни 200 км-ден кем.
«Style.RK» ЖШС 2022 жылғы ақпан айында Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен литріне 70,56 теңге бағасымен СМГ-ны өткізуге шарт жасасты. Анықтамалық деректерге сәйкес Павлодар облысының облыс орталығы (Павлодар қаласы) мен Тереңкөл ауылы арасындағы қашықтық 109-112 километрге дейін, яғни 200 км-ден кем. Тереңкөл ауылы шалғай аудандарға жатпайды және СМГ литріне бөлшек сауда бағасы 70 теңгеден аспауы тиіс.
Анықталған фактілер негізінде Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығымен белгіленген шекті бөлшек сауда бағасына сәйкес қосымша келісім жасау жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату қажеттілігі туралы «Интерснаб Gas» ЖШС және «Style.RK» ЖШС атына нұсқамалар жолдады.
Нұсқаманың орындалу мерзімі - оны алған күннен бастап 10 жұмыс күні. Оны орындамау немесе толық көлемде орындамау, сондай-ақ орындау мерзімдерін бұзу айыппұл салуға негіз болып табылады. Айта кетейік, «Style.RK» бүгінгі күні СМГ-ның құнын заңды бағаға сәйкестендіре отырып, нұсқаманы толық көлемде орындады.