БҚО-ДАҒЫ «AQJAIYQ» ӘКК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО-ДАҒЫ «AQJAIYQ» ӘКК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Aqjaiyq» ӘКК бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға қатысты өңірдің монополияға қарсы департаментінің хабарламасы заңды деп танылды.

2021 жылдың желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Aqjaiyq» ӘКК акционерлік қоғамының қызметінде заңнаманы бұзу белгілерін анықтады. «Aqjaiyq» ӘКК АҚ мақсаты ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне қайшы келетін тұрғын үйлер, автожанармай құю станциялары, сауда алаңдары және т.б. салу үшін жер учаскелерін бергені анықталды.

ӘКК құрылған сәттен бастап 2019 жылғы желтоқсанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлығы 32 учаске берілді, оның 23-і Үкімет белгілеген тізбеге сәйкес келмейді.

«Aqjaiyq» ӘКК-нің әрекеттерінде жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер немесе бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын басқа да артықшылықтар беру бөлігінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер белгілерін анықтады.

Анықталған фактілер негізінде Батыс қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Aqjaiyq» ӘКК АҚ атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді.

«Aqjaiyq» ӘКК АҚ осы хабарламаға БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (БҚО МАӘС) шағым түсірді.

БҚО МАӘС - тың 2022 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен ӘКК-нің монополияға қарсы департаменттің хабарламасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот «Аqjaiyq» ӘКК АҚ-ның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына жер заңнамасын анықталған бұзушылықтар туралы және Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінен, жер учаскелерін беру кезінде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері туралы жеке қаулылар шығарды.

Қазіргі уақытта БҚО МАӘС шешімі мен жеке қаулылыры күшіне енген жоқ.

 

Ашық көздерден алынған фотосурет.