
2022 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің кедергілер жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында елордадағы ақылы автотұрақтардың проблемалық мәселелері қаралды.
Астана әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2017 жылдан бастап 2022 жыл аралығынла ақылы тұрақ орындарының саны 24-тен 536-ға дейін артқан. Бұл шамамен 10 000 тұрақ. «QAZ PROPERTY» Қазақстанның басқарушылар және сервистік компаниялар қауымдастығы өкілінің айтуынша, әкімдік сауда орталықтарының жанында тұрақ орындарын жеке меншікке сатып алудан негізсіз бас тартқан.
Ғимараттар мен құрылыстар маңындағы барлық тұрақ кеңістігін басқаратын «Парковочное пространство Астаны» ЖШС МЖӘ жобасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі берген жерлер елорда аумағында осы нарықтың монополиялануына қауіп төндіреді.
Сонымен қатар, Бизнестің пікірінше, мұндай тәжірибе құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуға әкеп соқтырады, өйткені ғимаратты көлік тұрағы болмай пайдалануға болмайды. Ақылы тұрақ орындарының көбеюі стихиялық тұрақтардың көбеюіне әкелуі мүмкін.
«Ғимараттардың айналасында ақылы тұрақ орындарын құру объектілердің тартымдылығын төмендетеді, өйткені тұрақтарсыз ешбір объект клиенттерге қызығушылық танытпайды. Автотұрақсыз бизнес өледі», - деді Кеңес мүшесі Қайрат Көкенов.
Шағын және орта бизнес субъектілері жеке меншіктегі тұрақ орындарының жеткілікті санын ала алмайды, бұл бизнес қызметіне теріс әсер етеді және негізсіз шығындар тудырады. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілері табысының негізгі бөлігі ірі бизнеске ауысады.
Кеңес мәселені республикалық кедергілер картасына енгізу үшін егжей-тегжейлі зерделеуге шешім қабылдады.
Аталған мәселенің өзектілігіне байланысты Департамент елорда аумағында ақылы автотұрақтар нарығына талдау жүргізуді жоспарлап отыр.