КӨГАЛДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕДЕРГІЛЕР

КӨГАЛДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕДЕРГІЛЕР

Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес отырыстарының бірінде қаланы көгалдандыру бойынша бәсекелес жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті шектеу сұрағы көтерілді.

Бұл сұрақты қарау үшін қалалық көгалдандыру және абаттандырумен айналысатын компанияның өтініші негіз болды. Өтініш берушінің деректері бойынша мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері 2016 жылдан бастап ТКШ-тен қаланы көгалдандыру жұмыстарын алуда үлкен артықшылықтарға ие болады.

«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту» Үкімет Қаулысына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес (Әлеуметті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы) көгалдандыру және абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу бірінші кезекте мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында жүргізіледі. Егер кейіннен осы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда одан әрі сатып алу әлеуетті өнім берушілер арасында жалпы негіздерде жүргізіледі.

Осылайша, осы саладағы мамандандырылған басқа кәсіпорындар көбінесе сатып алуға қатысу мүмкіндігіне ие болмайды.

 Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында бұл мәселе жүйелі сипатқа ие екендігі назарға алынды және оны шешу қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты Павлодар облысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері Үкіметтің тиісті қаулысына өзгерістер енгізу қажеттілігі бөлігінде Республикалық кедергілер картасына енгізу үшін ұсыныстар жіберуге шешім қабылдады.