
27 сәуірде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша онлайн режимде Open Space ұйымдастырды. Кездесуге СҚО бойынша тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының, СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
СҚО бойынша ҚР ДСӘДМ басшысының орынбасары Гүлнар Джаншина қатысушыларды "бірыңғай оператор" институтын тарату, "арнайы құқық субъектісі" терминдерін енгізу, "нарықтың негізгі қуаты", "сенімді тұлға" ұғымдарын енгізу сияқты кәсіпкерлікке қатысты бәсекелестікті дамыту жөніндегі Заңда көзделген ең маңызды өзгерістер туралы хабардар етті.
Кәсіпкерлік кодекстің 177-бабының 1-тармағында баяндалған жосықсыз бәсекелестік ұғымы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың және "бәсекелестік туралы" Модельдік заңның ережелеріне сәйкес келтірілді. СҚО бойынша монополияға қарсы департаментінің тергеп-тексеру бөлімі басшысының м.а. Айдархан Рахимов жаңа түсінік бойынша түсініктеме берді, оған сәйкес нарық субъектісінің іс-әрекеттері жосықсыз бәсекелестік болып танылады. Жосықсыз бәсекелестік ұғымының өзгеруі реттеушінің нарық субъектілерінің тиісті іс-қимылдарын бағалауға деген көзқарасының өзгеруін де білдіреді. Егер бұрын кодекстің 177-бабының 2-тармағында жосықсыз бәсекелестік деп танылатын іс-қимылдар тізбесі 14 түрден тұрса және толық болса, енді осы тізбе ашық болып табылады. Осылайша, жаңа енгізілімдерге сәйкес нарық субъектісінің бәсекелестердің іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттері, тіпті олар Кодекстің 177-бабының 2-тармағында көзделмеген болса да, реттеуші жосықсыз бәсекелестік деп тануы мүмкін.