МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТТЫ УАҚЫТЫНДА ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТТЫ УАҚЫТЫНДА ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қант бағаларына жүргізілген мониторинг шеңберінде қаланың бірқатар кәсіпорындарына белгіленген мерзіммен ақпарат ұсыну туралы сауал жолдады.

Монополияға қарсы департаменттің сауалына ақпаратты уақытында ұсынбау фактісі бойынша «Риза-ПВ» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Кәсіпорын құқық бұзушылық жасау фактісін мойындағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды, ол 50% (153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге мүмкіндік берді.

 

Ашық көздерден алынған фотосурет.