
2022 жылғы 21 сәуірде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бірінші сұрыпты бидай ұнын өндіру және көтерме саудада өткізу нарығын талдау қорытындылары бойынша бірінші сұрыпты ұн өндіруді және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерімен OpenSpace форматында жедел кеңес ұйымдастырды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысында бірінші сұрыпты бидай ұнының 6%-ға өсуі байқалды.
Бұл бірінші сұрыпты бидай ұнын өндіру және көтерме өткізу нарығына талдау жүргізу үшін негіз болды.
Талдау қорытындысы бойынша нарық субъектілерінде 2021 жылғы мамыр, қыркүйек, қазан, қараша айларында 1-сұрыпты ұн өндіру құнының өсу қарқынымен тең емес өсуі байқалатыны анықталды. Осы негізінде монополияға қарсы департамент «Ұлан» фермерлік шаруашылығы ЖШС, «Аслан» ЖШС, «№ 1 PV» ЖШС, «Группа Интер» ЖШС, «Агро Даму» ЖШС-ға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарламалар енгізді.
OpenSpace-те қатысушылар, нарық субъектілері сату бағасының өсуі астық (бидай) құнының өсу есебінен болғанын атап өтті. Бүгінгі күні нарықтағы бидай бағасы 140 теңге/кг. құрайды.
Кеңес қорытындысы бойынша монополияға қарсы департаменттің өкілдері нарық субъектілеріне бірінші сортты ұнды көтерме саудада өткізудің босату бағаларын ұстап тұру, сондай-ақ тиісті тауар нарығында қатысушылардың адал бәсекелестік саясаты мен қағидаларын айқындайтын монополияға қарсы комплаенс жасау ұсынысымен жүгінді.
Сонымен қатар, Департамент Павлодар облысы әкімі аппаратының отырысында ұн өндіру және көтерме сату нарығындағы ағымдағы баға жағдайы, бидай бағасының өсу себептері туралы өзекті мәселелерді қарауды ұсынды.