Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Ертіс" ӘКК қызметіне талдау жүргізді.Талдау нәтижелері бойынша, Жер кодексінің нормаларын бұза отырып, "Ертіс" ӘКК нысаналы мақсаттары Кәсіпкерлік кодексте көзделген инвестициялық жобаның тұжырымдамасына және Үкіметтің қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін алуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бергені анықталды.
"Ертіс" ӘКК-нің жекелеген кәсіпкерлік субъектілерімен жобаларды іске асыру жөніндегі бірлескен қызметі бәсекелес ортаға жататын экономика салаларында жүзеге асырылды.
Бұл ретте ӘКК-нің инвестициялық саясаты жекеше әріптесті айқындау кезінде конкурстық іріктеу тетігін көздемейді, бұл жеткілікті түрде ашық емес сипатқа ие.
"Ертіс" ӘКК-нің осы әрекеттерінде монополияға қарсы департамент жекелеген нарық субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру бөлігінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер белгілерін айқындады.
Бәсекелестік заңнамасын бұзудың анықталған белгілерінің негізінде ӘКК-нің атына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін алуға өтінімдер беру практикасын тоқтату, мұндай болып табылмайтын,осындай жобаларды іске асыру бойынша жекелеген кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызмет туралы шарттар жасасу туралы хабарлама енгізілді.
Бұдан басқа, ШҚО бойынша монополияға қарсы департаменті Өскемен және Семей жер қатынастары бөлімдерінің атына инвестициялық болып табылмайтын жобаларды іске асыру үшін ӘКК-нің жер учаскелерін заңсыз беруіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама енгізді.
Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.