
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Blue-Star.PV» ЖШС-ға нұсқама шығарды.
Хабарлама шығару үшін негіздеме «Blue-Star.PV» ЖШС-ның сұйытылған мұнай газына (СМГ) шекті бағаны көтеру бойынша әрекеттеріне қатысты Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің атына келіп түскен жеке тұлғаның өтінішінде айтылған мәліметтерді талдау болды.
Белгілі болғандай, өтініш беруші «Blue-Star.PV» ЖШС-ның Павлодар облысы Шідерті кентінде орналасқан автогаз құю станциясынан автокөлігіне бір литрін 75 теңгеге жанармай құйып алған. Ал Павлодар облысында 1 литр газдың шекті бөлшек сауда бағасы ҚҚС есебімен 70 теңге, ал облыс орталығынан шалғай аудандар үшін (200 км – ден астам) - 75 теңге болып белгіленді.
Анықтамалық деректерге сәйкес Павлодар облысының орталығы (Павлодар қ.) мен Шідерті кенті арасындағы қашықтық шамамен 180 километрді құрайды, яғни 200 км-ден аз. Осылайша, Шідерті кенті шалғай аудандарға жатпайды және СМГ литріне бөлшек сауда бағасы 70 теңгеден аспауы тиіс.
Анықталған фактілер негізінде Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы бұйрығымен белгіленген шекті бөлшек сауда бағасына сәйкес келтіру жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату қажеттілігі туралы «Blue-Star.PV»ЖШС атына нұсқама жолдады.
Нұсқаманың орындалу мерзімі - оны алған күннен бастап 10 жұмыс күні. Оны орындамау немесе толық көлемде орындамау, сондай-ақ орындау мерзімдерін бұзу айыппұл салуға негіз болып табылады.