«КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

«КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент 2018-2020 жылдар мен 2021 жылдың 6 айы кезеңіне биллингтік қызметтер нарығына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша шығындары табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілген «Коммуналдық қызметтердің бірыңғай есептік орталығы» ЖШС («КҚБЕО» ЖШС) шығындарынан бірнеше есе артық пайда табатыны анықталды, бұл нәтижесінде Қарағанды облысының тұтынушылары үшін босату тарифіне әсер етеді.

Талдау қорытындысы бойынша «КҚБЕО» ЖШС әрекеттерінде биллингтік қызметтерге монополиялық жоғары немесе төмен бағаларды белгілеу, қолдау бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

Анықталған фактілер негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент «КҚБЕО» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді бастады.

 

Ашық көздерден алынған фотосурет.