
Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен 2021 жылғы тамыз - желтоқсан және 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қарағанды облысының шекарасындағы қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша осы нарықта жұмыс істеп тұрған «Самади-1» ЖШС, «Адал-Аспан» ЖШС, «Aron KZ» ЖШС және «ЕрАй-2012» ЖШС субъектілерінің үстем жиынтық үлесі отыз бес және одан да көп пайызды құрады.
«Самади-1» ЖШС, «Адал-Аспан» ЖШС, «Aron KZ» ЖШС және «ЕрАй-2012» ЖШС-терінің қантты сату бағасының динамикасын қарастыру кезінде, аталған кәсіпорындардың талдау кезеңінде қантты көтерме сату бағасын бір уақытта көтеріп, бір уақытта төмендететіні анықталды.
Анықталған бәсекелестікті қорғау саласында бұзушылық белгілерінің негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Самади-1» ЖШС, «Адал-Аспан» ЖШС, «Aron KZ» ЖШС және «ЕрАй-2012» ЖШС атына оларды жою туралы хабарлама енгізді.
Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды. Монополияға қарсы органның хабарламасын орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, белгіленген орындау мерзімдерін бұзу тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.
Сурет ашық көздерден алынды