
Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент үстеме жағдайға ие «Газ-Кызмет» ЖШС тарапынан топтық резервуарлық қондырғылар (ТРҚ) арқылы газды тұрақты емес және уақтылы бермеуге қатысты үй тұрғындарының өтініштері бойынша жұмыс жүргізді.
Белгілі болғандай, тұтынушылардың ТРҚ арқылы көп пәтерлі үйлерге газ беру қызметі үшін берешегі болған кезде «Газ-Қызмет» ЖШС борышкерлермен бірге адал тұтынушыларға да газ беруді тоқтатты, яғни олардың құқықтарына қысым жасалды.
Өтініштерді қарау және тауар нарығына талдау жүргізу қорытындылары бойынша Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Газ-Қызмет» ЖШС әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының ТРҚ арқылы газ жеткізуді негізсіз тоқтату бөлігіндегі нормаларды бұзу белгілерін анықтады.
Анықталған белгілердің негізінде «Газ-Қызмет» ЖШС-не ТРҚ арқылы газ жеткізуді негізсіз тоқтату түрінде көрсетілген ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі және алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмау туралы хабарлама шығарылды.
Хабарламаны заңнамада белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, монополияға қарсы Департамент тергеп-тексеру рәсімін бастауға құқылы.
ашық көздерден алынған фотосурет