АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ «ДИНА» БАЗАРЫ БОЙЫНША ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ «ДИНА» БАЗАРЫ БОЙЫНША ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАДЫ

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы департамент "Дина "сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС-ға қатысты азық-түлік тауарларын сату үшін Сауда базарларында сауда орындарын жалға беру бойынша көрсетілетін қызметке монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде көрініс тапқан үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеруді бастады.

Азық-түлік тауарларын өткізу үшін әмбебап  базарларымен сауда орындарын (алаңдарды) жалға беру жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша "Дина "сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС Атырау қаласының географиялық шекараларында осы тауар нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.

"Дина" сауда-өндірістік компаниясы " ЖШС-не қатысты бәсекелестік заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып,  кірістің– үш пайызы мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салу шаралары қабылданатын болады.