
Елордада ТКШ саласында қызмет көрсетушілерді онлайн-ауыстыру бойынша пилоттық жобаға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп бастамашылық жасады.
Коммуналдық құлдық немесе ТКШ саласындағы қызметтерді жеткізушілердің алмастырылмауы – ТКШ нарығындағы бәсекелестікті бұрмалайтын басты фактор. Тұтынушылардың, яғни үй иелерінің, көбінесе басқа жеткізушілерді таңдау мүмкіндігі болмайды, құрылыс салушы үй салу сатысында жиі ретте қызметтерді күштеп таңады.
Тұрғын үй иесі өзі үшін таңдалған интерком, лифт, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын жеткізушілермен, басқарушы компаниямен пәтер сатып алады. Оларды өзгерту үшін ол барлық шарттар мен тарифтерге еріксіз келісетін көптеген проблемаларға тап болады.
Қазіргі кезде БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдармен – Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ - мен және нарық қатысушыларымен бірлесіп ТКШ саласында қызмет көрсетушілерді онлайн-ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуға дайындық жүргізіп жатыр. Жобаға барлық ниет білдірген тиісті цифрлық платформалардың иелері қатыса алады. Бүгінгі күні «Pater Services», «Е-KNOT», «Е-КСК» , «IQamal», «Osi.kz» өздерінің қатысатынын растады.
ЦДИАӨМ дауыс беруді өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй иесінің өкілеттігін растау үшін оңайлатылған сервис («иә/жоқ» тәсілімен дауыс беру мүмкіндігі) мәселесін шешті.
Сонымен қатар, жеткізушіні таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық актілерге түзетулер ұсынылады:
- бір кіреберісте қызмет көрсететін жеткізушіні ауыстыру бойынша тұрғындарға электрондық дауыс беруді өткізу;
- домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді күштеп таңу практикасын болдырмау мақсатында домофон жабдығын кондоминиумның ортақ мүлкіне жатқызу бөлігінде өзгерістер енгізу;
- тұрғындардың провайдерлерді (интернет-қызметтер, кабельдік телевидение) таңдау мүмкіндігі үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезеңінде бірнеше байланыс операторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу.
Пилоттық жоба 2022 жылғы екінші тоқсанда іске қосылатын болады.